“Адал ұрпақ” және “Саналы ұрпақ”ерікті клубтарының облыстық слетін өткізу туралы ақпарат.


“Адал ұрпақ” және “Саналы ұрпақ”ерікті клубтарының облыстық слетін өткізу туралы ақпарат.
Ағымдағы жылдың 10-13 қарашасында оқушылар мен студенттер үшін “Адал ұрпақ” және “Саналы ұрпақ”ерікті клубтарының облыстық слеті онлайн-режимде өтті.
Облыстық слет жұмысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Төлеубаев Мұрат Ахтанұлы, қала әкімінің орынбасары Мусралимова Айна Ермекқызы, “Саналы ұрпақ” республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев қатысты.
Слет жұмысына Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің “Құқықтану” мамандығының Аубакирова Томирис (ЮР 32, “Саналы ұрпақ” клубының төрағасы), Какабаева Мадина, Ахметов Парвиз, Темірболат Нариман (ЮК-21), Тумасян Артур және Махмудова Милена (ЮР 22) сынды студенттері қатысты.
Слеттің басынан аяғына дейін жұмыс күндері жаттықтырушы Сулейменова Алтынай Ислямовнаның басшылығымен өтті. Іс-шараның бірінші күні қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері таныстырылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды.
 Слеттің екінші күні іс-шараның қонағы “Саналы ұрпақ” республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушевтің қатысуымен өтті, онда студенттер практикалық жағдайларды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады.
Слеттің соңғы күні біздің колледж студенттері және “Саналы ұрпақ” клубының мүшелері ретінде “Әлеуметтік саладағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады”тақырыбында жобаның тұсаукесерін ұсынды. Слеттің жұмыс күні аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылып, қатысушылар үй тапсырмасын орындады.
Жобаны қорғау бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
Семинар мазмұнды және жемісті болып, студенттердің көңілінен шықты.