«Бейне сабақтар фестивалі»

Қазіргі уақытта оқу орындары қашықтықтан оқыту кезіне көшкен кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынды дамыту қажеттілігі туындады. Карантин кезінде оқытушылар мен студенттер әртүрлі платформаларды, интернет-технологиялар құралдарын қолдануды үйренді.
Қашықтықтан оқыту оқу процесінің барлық компоненттері: мақсаттары, мазмұны, әдістері, ұйымдастырушылық формалары, оқыту құралдарына ие. Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті жариялаған «Бейне-сабақтар фестивалі» байқауының мақсаты–біздің педагогтардың кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне ықпал ету, педагогтердің МДҰ жанындағы сабақты қалай құратынын, студенттерді сабаққа қалай ынталандыратынын, қызықтыратынын көрсетуіне мүмкіндік береді.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж оқытушылары өзінің әдістемелік қоржынынан үздік бейне-сабақтарды таңдап, байқауға жіберді. Бірден төрт бейне сабақ ең жақсы деп танылды. Тәттігүл Қайырбекқызы Рахимова, Гүлнарай Қайыргелдіқызы Жексенбаева, Юлия Дмитриевна Уланова және Айнагүл Қалымжанқызы Ахитова облыстық бейнесабақтар байқауының жеңімпаздары атанды. Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз.