Бірге – таза Қазақстан!

Бүгін “Бірге – таза Қазақстан!”республикалық экологиялық акциясы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж оқытушылары жалпы қалалық сенбілікке шықты.
Қызу тазалық жұмыстарына барлық қызметкерлер бір кісідей атсалысып, бөлінген аумақтар мен қалалық бақ ішінде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.