Гүлдене бер,Ұлы Дала!

Біздің туымыз- тәуелсіздік.
Біздің мақсатымыз -бейбітшілік пен өркендеу.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол- тәуелсіз Қазақстан»‘ — бұл Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құдіретті сөзі.
Ғасырлар бойы арман- тілекті бойына сіңіріп,сағым жылдардың елесін арқалап,асыға жеткен арманымыз. Дала төсінде тербетіліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Гүлдене бер,Ұлы Дала! » атты салтанатты кеш Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінде ұйымдастырылды.
Салтанатты кешті колледж директоры Уаисов Рыспай Базарбайұлы құттықтау сөзімен бастап, әлеуметтік серіктестіктерді ,колледж әкімшілік ұжымын және оқытушыларды құрмет грамоталарымен, Ш.Уәлиханов ректорының атынан медальдарымен марапаттау рәсімімен жалғастырды.
Кеш ән- шашумен көтеріңкі көңіл күйде өтті.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойы тұғырлы,баянды болсын! Әрқашан еліміздің еңсесі биік , тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!