Есеп және аудит (салалар бойынша)

Мамандық: 1518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша)

«Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығы – техникалық және кәсіптік білім берудің ең танымал экономикалық мамандығы. Коммерцияландыру және қолма-қол және ақшасыз валюта айналымы дәуірінде мамандықтың танымалдығы тек арта түсуде. Өз ісінің шебері және алған білімін пайдалана білетін жақсы экономист әлі күнге дейін алтынмен барабар. Бұл таңқаларлық емес: бірде-бір кәсіпорын бухгалтерлік есепті жүзеге асырмай жұмыс істей алмайды.

БУХГАЛТЕР (нем. Buchhalter, Buch — кітап, Halter – ұстаушы) – бухгалтерияның маманы. Бухгалтерия – бұл барлық шаруашылық операцияларды құжаттық есепке алу жолымен кәсіпорынның мүлкі мен міндеттемелерінің жай-күйі туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтаудың реттелген жүйесі.

Бұл кәсіптің адамдары, ең алдымен, жауапты және ұйымшыл болуы тиіс, себебі есепті уақытында тапсырмау немесе қандай да бір құжатты жоғалту компанияға қымбатқа түсуі мүмкін. Сонымен қатар, олар сандарды жақсы көруі керек, өйткені олардың күнделікті жұмысы цифрлармен тығыз байланысты. Сондай-ақ, бұл мамандық зейіннің жоғары концентрациясы мен ұқыптылық, табандылық пен талапшылдық, кішіпейілділік пен шыдамдылықы қажет етеді.

Біліктілік:

151801 2 «Бухгалтер»

151803 3 «Экономист-бухгалтер»

Оқыту мерзімі

2 жыл 10 ай 9-сыныптан кейін

1 жыл 10 ай 11-сыныптан кейін

Оқуға түсуге арналған пәндер

Орыс тілі

Математика

Оқытудың толық циклі

Колледж – бакалавриат – магистратура

Оқытылатын пәндер

  • Қаржы және несие
  • Бухгалтерлік есеп негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Статистика
  • Экономистерге арналған математика
  • Экономикалық информатика және АТ
  • Қаржылық есеп
  • Салық және салық салу
  • Экономикалық теория негіздері
  • Ұйым экономикасы
  • Аудит
  • Экономикалық талдау және қаржылық есеп талдауы

Өзекті және элективті курстар:

  • Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

Оқытудың толық циклі

  • Колледж – бакалавриат – магистратура

Мамандықтың ерекшеліктері

  • қазіргі заманғы мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларға оқыту (1С: Бухгалтерия);
  • электрондық кестелерде жұмыс істеу (Экономикалық информатика);
  • ұйымның шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу;
  • есепке алу-қаржылық, бақылау-тексеру қызметін оқыту;
  • ұйымның шаруашылық қызметін талдауды және қаржылық есебін талдауды жүзеге асыру;
  • Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту.

Біздің серіктестер:

  • «Көкшетау Сүт-май зауыты» ЖШС
  • Ақмола облысы, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
  • Ақмола облысы, Көкшетау қаласының статистика департаменті

Мансаптық перспективалар

  • Еңбек нарығындағы қажеттілік;
  • Түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарда бухгалтер жұмысы;
  • Қаржы органдарында жұмыс (статистика, қазынашылық, қаржылық бақылау комитеті, Мемлекеттік кірістер департаменті және т.б.);
  • Мемлекеттік органдарда базалық экономикалық білімді талап ететін лауазымдарда жұмыс істеу;
  • Аралас мамандықтарда жұмыс істеу: маркетолог, логист, менеджер, қаржыгер, аудитор, қаржылық талдаушы және т.б.
  • Өз бизнесін құру және жүргізу мүмкіндігі.

Оқыту түрі

Күндізгі

Қашықтықтан оқыту