Республикалық Жамбыл оқулары

Халықтан шыққан дана ақын… Өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы тебірене жырлаған Жамбыл Жабаевтың есімі қазақ поэзиясында алтын әріппен жазылған ғажайып құбылыс. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөздір сырға, нәзік сезімге толы поэзиясы өнерсүйер әрбір жанды сүйсінтері хақ…
Биылғы жылы Жамбыл бабамыздың 175 жылдығы қарсаңында  республикалық деңгейде «Жамбыл оқулары» сайысы онлайн форматта ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерінен сөз өнерін түсініп, өлеңді нақышына келтіре мәнерлеп оқитын жастар сайысқа қатысты.  Сайыс талаптары бойынша қатысушы үміткерлер Жамбыл бабамыздың бір өлеңін мәнерлеп оқып, бейнеролик түсірді.  Аталмыш жыр додасына оқу орнымыздың атынан қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Жеңісова Меруерт қатысып, бас жүлдені иеленді. (Ғылыми жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Г.Ж.Искендерова).  Жеңіс құтты болсын, Меруерт!