Сыңғырла, күміс қоңырау!

Колледжімізде 1-қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында Ш.Уәлиханов  КУ ректорының кеңесшісі  Сейткасымов Аманай Асылбайұлы, колледж директоры Уаисов Рыспай Базарбайұлы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылымен құттықтады.    
   Колледждің бірінші курс студенттеріне ерекше құттықтаулар айтылды. Бүгін олар болашақ мамандықты таңдауда маңызды өмірлік қадам жасады. Болашақта оларды қажырлы еңбек жылдары, оның нәтижелері күтуде.
    Барлық оқушыларды, қызметкерлерді, студенттерді, ата-аналарды жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймыз. Зор денсаулық пен жақсылық тілейміз. Барлық ойлар мен жоспарларыңыз жемісті және табысты болсын.