Қош келдің, әз Наурыз!

17 наурыз оқу орнымызда Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара аталып өтті. Мерекелік іс-шараға колледж басшысы, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Мерекелік жиынның алғашқы құттықтау сөзінде колледж басшысы Рыспай Базарбайұлы жиылған қауымды жаңа жылдың бастауымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Колледждегі әрбір оқу бөлімі Наурыз мерекесінің мәнін ашатындай Наурыз жоралғыларынан көрсетілімдер, қойылымдар ұсынды. Іс-шарада шәкірттер мен оқытушылардың дайындаған қазақтың халық әндері, заманауи мерекелік, патриоттық әндері орындалды.
Керемет мерекелік көңіл-күймен өте тамаша шара өтті.
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.