Құттықтау хат

Кемелді келешекке қарышты қадам басқан білікті де білімді жастарымыз еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосуда.  Әсіресе   халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласы –білім беру мен тәрбие үрдісінде дамыту мен жетілдіру ісіне аянбай еңбек етіп жүрген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы, «Аманат» еріктілер клубының жетекшісі Құсайынова Айжан Қорғанқызын «Нұр Отан» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне үлес қосқаны үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын алып, мәртебелі марапатқа ие болғаны ұжымымыздың абыройы деп білеміз. 
Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілейміз!  Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз  әрдайым биік болсын!