Үздік ерікті

2020 жылы жарияланған волонтер жылы аяқталуға жақын. Біршама игі істерді белсенді көзқарасы бар адамдар жасады.Бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Жыл еріктілері» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж жанындағы «Аманат» клубының жетекшісі Кусаинова Айжан Қорғанқызы «үздік ерікті» номинациясы дипломымен және 200 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды. Колледж ұжымы Айжан Қорғанқызын лайықты марапатымен құттықтайды, сарқылмас қуат пен жаңа жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейді.