Үздік педагог 2020

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп хакім Абай айтқандай, мәртебелі мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген әріптесіміз Салтанат Қайроллақызын Үздік педагог атануымен құттықтаймыз. Салтанат Қайроллақызы еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында биік белестерді бағындырып, кәсіби шеберлігі шыңдалған маман ретінде әріптестерінің арасында құрметке ие. Заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістерге тез бейімделетін мобильді, креативті педагогтің адами ізгілік қасиеттері ұштасқан кәсіби тұлғаға төл мерекесі қарсаңында шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз!