Ұстаздар күні

Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі — «Ұстаздар күні»!
2022 жылдың 29 қыркүйек күні Ш.Уалиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж қабырғасында ұстаздар мерекесі кеңінен аталып өтті. Бұл мерекелік шара колледж директорының ұстаздар қауымына деген жүрек жарды құттықтау сөзімен басталды. Сондай-ақ мерекелік іс-шарада колледжіміздегі үздік ұстаздар жұмыста белсенділік пен жоғары жетістіктерге жеткені үшін марапатталды. Мерекелік шара студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.