0111083 Шет тілі мұғалімі

Біліктілік: 0111083 «Шетел (ағышын) тілі мұғалімі»

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – қазіргі кездегі ең маңызды мамандықтардың бірі. Бұл өте қарапайым ұғыммен түсіндіріледі: 21-ғасырда ағылшын тілін білу беделді әрі сұранысқа ие болып саналады. Сондықтан да, осы білімді оқытатын мамандар да үлкен сұранысқа ие. Шет тілінің құзыретті мұғалімі болу оңай емес. Бірінші кезекте білім алу қажет. Ол барлық оқушыларға үлгі береді. Мұғалім – бұл тәрбиеші, тәлімгер және оның азаматтық және адами міндеті.

Бүгінгі күні мұғалімге деген қарым-қатынас өзгерді. Педагогтар – білімді және талантты тұлғалар. Ол әрқашан ұқыпты киінеді, ол бәрін қызықты және қолжетімді түрде ұғындырады. Мұндай адамдар құрметке лайық.

Жалпы, ағылшын тілі мұғалімінің міндеттері әмбебап: сабақ жоспарын құру және оларды өткізу, бақылау жұмыстарын орындауға беру және оларды тексеру, журнал мен құжаттаманы жүргізу, мектеп іс-шаралары мен педкеңеске қатысу. Білімді жетілдіретін педагог баланы жан-тәнімен жақсы көрседі. Қазіргі мұғалім сабақ жүргізу және еңбекақы алу үшін ғана емес, өз алдында дұрыс бағдар ұстауы тиіс. Білім беру процесінің соңғы мақсаты – оқушылардың білім алуы.

Педагогикалық мамандық – барлық уақытта ең танымал және қажетті мамандықтардың бірі.

Оқыту мерзімі

3 жыл 10 ай 9-сыныптан кейін (күндізгі)

2 жыл 10 ай 11-сыныптан кейін (күндізгі)

Оқуға түсуге арналған пәндер

Қазақ тілі/Орыс тілі

Ағылшын тілі

Қазақстан тарихы (11-сыныптан кейін)

Оқытылатын пәндер

  • Теориялық грамматика, фонетика
  • Практикалық грамматика, фонетика
  • Шетел тілінің практикумы
  • Шетел тілінің лексикологиясы, тарихы
  • Шетел тілін оқыту әдістемесі
  • Елтану
  • Стилистика
  • Екінші шетел тілі (неміс тілі)
  • Педагогика, психология
  • Білім берудегі АКТ

Өзекті және элективті курстар

  • IELTS дайындық бойынша факультутив
  • Инклюзивті білім беру негіздері
  • Кәсіпкерлік негіздері
  • Шешендік өнер

Оқытудың толық циклі

Колледж – бакалавриат – магистратура – PhD докторантура

Мамандықтың ерекшеліктері

Төмендегі мәселелерге басты назар аударылады:

  • теориялық материалдарды практикамен ұштастыруға дағдыланады;
    • оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;
    • зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;
    • сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орындау және тиімді пайдалануды меңгереді;
    • практика кезінде студенттер өздігінен белгілі практикалық сабақты меңгеруге үйренеді;
    • ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыстарымен шұғылданады.

Біздің серіктестер:

  • «Көкшетау қаласы №1 мектеп-гимназия» ММ;
    • «Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқытылатын қазақ мектеп гимназиясы» ММ;
    • «Көкшетау қаласы №5 «Таңдау» мектеп-гимназия» ММ;
    • «Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицей» ММ;
    • «Көкшетау қаласы №16 орта мектеп» ММ;
    • «Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназия» ММ;
    • С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі;
    • «Көкшетау қаласы №19 орта мектеп» ММ;
    • «Глобус» ресурстық орталығы;
    • Мемлекеттік және жекеменшік мекемелер

Білім алушылар педагогикалық іс-тәжірибеден өтеді және қосымша біліктілікке ие болады.

Мансаптық перспективалар

1. Бұл мамандық жоғары сұранысқа ие. Тек оқыту саласында ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін білу қажет кез келген салада жұмыс істеуге болады;

2. Балаларға немесе ересектерге арналған курстар ашу және ағылшын тілін оқыту мүмкіндігі бар;

3. Әр түрлі қорлар мен жобалардың қызметкері болу;

4. Магистратурада, докторантурада оқуды жалғастыру және академиялық, ғылыми дәреже алу, шет тілін оқытудың өз әдістемесін әзірлеу;

5. Шетелде білім ал.у

Қазіргі әлем және мамандық тез өзгермелі. Ең бастысы – бір орында тұрмай, тоқтамай, өзіңді жетілдіре беру қажет.

Оқыту түрі

Күндізгі

Қашықтықтан оқыту.