Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі.
 Балалық — әр адамның өмірінде ұмытылмас, жарқын және бақытты уақыт, сондықтан 1 маусым «Балаларды қорғау» мерекесіне орай Ш.Уәлиханов атындағы  КУ жанындағы көпсалалы колледжінің  бірінші курс  студенттері арасында денешынықтыру оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Көңілді  бастау» атты спорттық шара ұйымдастырылып,түрлі ойындар мен  жарыстар  салтанатты және көңілді түрде атап өтілді.
 «Көңілді бастау» атты іс-шараның нәтижесінде қыздар арасындағы жарыстан өздерін көрсеткен: ІІІ- орын  (ЮР-12 тобы),ІІ-орын (ФР-12 тобы), І-орын (ЮК-11 тобы)
Ер балалар арасында өткізілген  футзал ойыны бойнша ІІІ-орынға АО-12,АО-13 тобының студенттері ие болды, ал ІІ-орынды СР-12 тобының студенттері алса, І- орынға ЮР-12 тобының студенттері ұтып алды.
Волейбол ойынынан  ІІІ-орын (ЮК-12 тобы),ІІ-орын (ЭК-11,СР-12тобы), І-орын (СР-12 тобы)
Аталған іс-шараға қатысқан студенттерімізді колледж әкімшілігі мен колледж директоры   марапаттау қағазымен марапаттап,өз алғыстарын білдірді.