«Денсаулық–2026» спартакиадасы

«Денсаулық–2026» спартакиадасы

«Денсаулық–2026» спартакиадасы: Колледж құрамасы ж...

«Денсаулық–2026» спартакиадасы: Колледж құрамасы жүлдегерлер қатарында

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Денсаулық–2026» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы спорттық додада біздің колледж командасы жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген нық сенімін көрсетті. Тартысты өткен жарыстардың нәтижесінде колледж құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша құрметті 3-орынды иеленді.

Бұл жетістік — спортшыларымыздың табандылығының, өзара ауызбіршілігі мен ұжымдық рухының айқын көрінісі. Спартакиада барысында колледж намысын абыроймен қорғап, спорттық шеберлік танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.

Командамызды жүлделі орынымен құттықтаймыз! Салауатты өмір салтын серік еткен студенттеріміз бен оқытушыларымызға алдағы уақытта да жаңа спорттық белестер мен жарқын жеңістер тілейміз.

Спорттағы жетістік — ортақ мақтаныш!

Автор:
Редактор сайта
редактор
Страница создана
13.03.2026
Дата обновления:
15.04.2026