Конкурс профессионального мастерства: Соревнования среди преподавателей НВП
Ағымдағы жылдың 23-25 желтоқсан аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің базасында маңызды облыстық шара өтті. Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘ және ТД) пәні оқытушылары арасында кәсіби шеберлікті анықтау мақсатындағы облыстық байқау ұйымдастырылды.
Байқауға облыс деңгейінде 31 оқытушы қатысып, 7 түрлі сайыс бойынша бақ сынасты. Қатысушылар тест тапсырмаларын орындау, тактикалық шартты белгілермен жұмыс, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды жарақтандыру, жалпы әскери қорғаныс жинағын кию және пневматикалық винтовкадан ату сияқты күрделі кезеңдерден өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Көпсалалы колледж оқытушысы Жұманов Ренат Жанатұлы үздік нәтиже көрсетті. Ол тест тапсырмаларын орындаудан І орынды, ал тактикалық шартты белгілермен жұмыс бағытында ІІ орынды иеленді.
Ренат Жанатұлын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Кәсіби саладағы табыстарыңыз еселене берсін.