Үлкен қуанышпен хабарлаймыз:БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

Үлкен қуанышпен хабарлаймыз:БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

Білім бәйгесіндегі жарқын жеңіс: Колледж студенттері облы...

Білім бәйгесіндегі жарқын жеңіс: Колледж студенттері облыстық олимпиадада І орын иеленді

2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті.

Аталған зияткерлік сайыс дарынды студенттерді анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жалпы білім беретін пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Екі күнге созылған білім додасына облыстың 25 оқу орнынан 230-дан астам үміткер қатысты.

Студенттер келесі 8 пән бойынша бақ сынасты:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті;

  • Орыс тілі мен әдебиеті;

  • Ағылшын тілі;

  • Қазақстан тарихы;

  • Математика;

  • Информатика;

  • Физика;

  • Химия.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің колледж студенттері жоғары дайындық деңгейі мен терең білімдерін көрсетіп, командалық есепте жүлделі І орынды иеленді. Бұл айтулы жетістік – студенттеріміздің қажырлы еңбегі мен білімге деген құштарлығының, сондай-ақ оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігінің жемісі.

Колледж ұжымы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтайды! Шәкірттерімізге алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, білім жолында биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз.

Жеңіс құтты болсын!

Автор:
Редактор сайта
редактор
Страница создана
27.03.2026
Дата обновления:
15.04.2026