Площадка веселых и находчивых: Сборная колледжа показала зажигательную игру!
Көптен күткен «Көңілді жастар алаңы – КВН» ойыны Көкшетау төрінде дүбірлеп өтті! Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл шара қала жастарына нағыз мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас эмоциялар сыйлады.
Бұл додада Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің құрама командасы ерекше көзге түсті. Команда құрамында тәжірибелі ойыншылар аз болғанына қарамастан, студенттеріміз сахнада өздерін еркін ұстап, тапқырлықтары мен актерлік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Жастардың бойындағы жалын мен әзілге деген құштарлық көрермен қауымды тәнті етті. Бұл – біздің команда үшін үлкен белес пен тәжірибе мектебі болғаны анық.
Алдағы ойындарда біздің командаға тек сәттілік пен жеңіс тілейміз! Қадамдарың нық, әзілдерің өткір болсын!