«Ғылым әлемін ашу…» атты II облыстық байқауы өткізілді

Ақмола облысының білім басқармасы ММ-нің қолдауымен 2021 жылғы 14 сәуірінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау  университетінің дәстүрлі Ғылым апталығы аясында Ш.Уәлиханов университеті жанындағы көпсалалы колледжде Ақмола облысы колледждері студенттерінің ғылыми – зерттеу жобаларының “Ғылым әлемін ашу…” атты II облыстық онлайн – байқауы өтті.
Жыл сайын байқауға қатысушылардың география кеңеюде. Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Дмитрий Гутаревтің аталмыш бауқауда өз жобасын қорғады.
“Ғылым әлемін ашу…” байқауының негізгі мақсаты- зерттеу дағдыларын қалыптастыру, іздеу жұмыстарына қызығушылық таныту болып табылады. Байқауға  34 қатысушы қатысты, үш бағытта 27 жоба ұсынылып, 7 секция жұмыс жасады.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Айгүл Досжанқызы Жақыпова, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі жанындағы “Ақпараттық – талдау орталығы” АҚ халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті директорының орынбасары Ғалия Ғалымжанқызы Қарбаева, Ақмола облыстық білім басқармасының  техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі Сәуле Сәлімжанқызы Сералина құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Білікті қазылар алқасы құрамында PhD докторлары, ғылым магистрлері, “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының мамандары  Ақмола облысы колледждері мен мектептерінің өкілдерімен бірлесіп қатысушылардың жобаларына баға берді.
“Ғылым әлемін ашу…” II байқауының секцияларында үздік деп танылған студенттер: Дмитрий Гутарев (Орал ақпараттық технологиялар колледжі), Даяна Мұхамеджанова, Смирнова Надежда, Ева Бесембаева (Жоғары педагогикалық колледж, Щучинск қ.), Мұханбедуали Оразмухамеджанкерей Жаңабайұлы (Жоғары мәдениет колледжі, Көкшетау қ.), Фетисов Дмитрий, Рада Катина және Арина Толкачева (Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қ.), Сембиев Бейбарыс, Тоқтарова Мақпал, Айкенова Айым (Бозайғыр а. мектеп – интернат – колледжі), Колесник Елена, Коробенко Елена, Татьяна Назарова (Құрылыс – технологиялық колледжі, Көкшетау қ.), Вадим Романенко (Агротетникалық колледжі, Есіл қ.), Гончарова Юлия (Мақсат колледжі, Степногорск қ.), Азанова Диана, Дүйсенбекова Әсем, Сабирова Сабина, Бейсембек Гульдана, Аружан Искакова, Кладченко Карина, Темірғали Аяжан, Адина Сүлейменова, Сұлтанбек Әділбек, Нижельская Маргарита және Воздвиженская Амина (Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі).
Ғылыми жаңалықтар мен зерттеулерге толы жобалар байқауы өз мәресіне келіп жетті.  Келесі жылы “Ғылым әлемін ашу…- 2022” III байқауында сіздерді асыға күтеміз.  Ғылым жолы шыңдай берсін демекпіз!