Ақпараттық-әдістемелік вебинар

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің педагогикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны: қашықтан оқыту құралдары» тақырыбында студенттердің ақпараттық-әдістемелік вебинары өтті. Вебинар спикерлері, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері Дүйсенбекова Әсем, Төлеужан Рауза, Жеңісова Меруерт, Нуркина Дамира, Мырзагелді Тоғжан, Хұлжабай Жансая, Сұлтанбекова Дильназ «Ойлау дағдысының деңгейлері: Блум таксономиясы», «Padlet — бірлескен жұмысты құру», «Критериалды бағалау жүйесі», «Google Classroom – қашықтан оқу ортасын құру мүмкіндігі», «Сабақты жоспарлау: қысқамерзімді жоспар», «Quizizz.com – онлайн тестілеу бағдарламасы», «OnlineMektep.org – онлайн білім беру платформасы» тақырыптары аясында бейнетаныстырылым әзірлеп, студенттер арасында өз пікірлерімен бөлісті. Аталған тақырыптар бойынша мазмұнды әрі маңызды мәліметтер беріліп, өзара талқылау жүргізілді.
Вебинарға қатысушы оқытушылар мен студенттер аталған іс-шараны ұйымдастырушы, арнайы пәндер әдістемесінің оқытушысы Айнагүл Елемесқызына және спикерлерге зор алғысын білдірді.