Жазғы мектептегі сабақтар – болашақ мұғалімнің тәжірибесі

Ш.Уалиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің педагогикалық мамандықтарының студенттері Васильковка бастауыш мектебінің Жазғы мектебінде оқу еріктілігі шеңберінде сабақтарын жалғастыруда. “Шетел тілі мұғалімі” біліктілігі студенттері  Нидзельская Маргарита және Сун-чан-син Елена әр түрлі цифрлық қызметтерді және білім берудің мотивациялық формаларын қолдана отырып, ағылшын тілінде онлайн сабақтар өткізеді. Жазғы мектептегі сабақтар – болашақ мұғалімнің практикалық құзыреттілігін тәжірибе жүзінде көрудің тамаша мүмкіндігі.