«Жанды поэтикалық сөз”

«Жанды поэтикалық сөз”
Қазақстан Республикасы Қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жоғары Astana Pollitechnik College ұйымдастырған «Жанды поэтикалық сөз-2020» республикалық байқауына Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің 20 студенті қатысты.
Студенттер Абай, Жамбыл, М.Дулатов, Ж. Нажмеденов, М. Мақатаев, О. Мандельштам,
А. Блок, С. Есенин, Фет шығармаларын мәнерлеп оқып, байқау қорытындысы бойынша 11 студент жүлдегер атанды. Бас жүлдені Т.Меңдібай иеленді. Бірінші орынды С.Ахметқұл, Д. Есқожина, Е. Негметжанов, Б.Қайық, М.Жеңісова иеленді.
Бірінші курс студенттері Д.Кучерявая мен Э.Каркарина екінші орынға ие болды. Үшінші орынды Д.Азанова, Ж.Қаржаубаева, А.Темірғали иеленді. С.Гугин өзінің жүрекжарды туындысымен тыңдармандарын тәнті етті.
Студенттердің жүлделі орындарды иеленуіне қолқабыс еткен тіл мамандары А.М.Мұратова, А.Р.Исенова, С.К.Хусаинова және К.Ж.Искендерова сынды білікті ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.
Студенттер мен ұстаздар қауымын жетістіктерімен құттықтай отыра,  шығармашылық табыс тілейміз!