Жаңартылған білім беру мазмұны » тақырыбына арналған Вебинар»

2021 ж.26 наурызында Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінде, «Zoom» онлайн-платформасының базасында педагогикалық мамандықтардың 2, 3-курс студенттері үшін вебинар өткізілді. Спикерлер ретінде «Шет тілі мұғалімі» мамандығының 3 курс студенттері: Су-чан-син Елена, Нидзельская Маргарита, Суюндыков Арман, Буряк Дмитрий қатысты (АО-32 тобы).
Бұл вебинардың мақсаты – «Жаңартылған білім мазмұны» тақырыптары бойынша білімді кеңейту және бекіту, алған білімді практикада қолдану.
Вебинар «сабақты жоспарлау», «сыни тұрғыдан ойлау», «критериалды бағалау», «рефлексия сабақ кезеңі ретінде»тақырыптарын қамтыды. Әр сөз соңында спикерлер студенттерден кері байланыс алды. Вебинар аяқталғаннан кейін студенттермен рефлексия жүргізілді және өткізілген вебинардың тақырыптары бойынша ақпарат ұсынылды.