Жігіт сұлтаны

Наурыз мейрамы қарсаңында Ш.Уалиханов жанындағы көпсалалы колледжінде 17.03-19.03.21ж күндері арасында «Жігіт сұлтаны» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыста қазақтың ұлттық ойындары өткізілді. Спорттық іс-шараға 1 курс студенттері қатысты. Жарыс бірнеше кезеңдерден өтті.
1-кезең: Таныстыру
2-кезең: Ең мықты
3-кезең: Асық ату
4-кезең: Қол тарту
5-кезең: Гирь көтеру
Балалар белсенді қатысып, өздерің көрсете алды. Жеңімпаздарға медальдар мен грамоталар берілді. 1-орын алған қатысушыға кубок табысталды.