Жұмыс берушілер күні

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2022 жылғы 15 қарашада «Жұмыс берушілер күнін» өткізу аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжде «Теориядан практикаға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оның негізгі мақсаты кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен жемісті және тиімді ынтымақтастық болды. Іс-шара қонақтары – колледждің әлеуметтік әріптестері: «Еуразиялық банк» АҚ басшысы Жанар Бүркітбайқызы Шаймергенова, «АгроСтрой» ЖК – басшысы Сергей Васильевич Швецов; № 5 «Тандау» КГ директоры Ибраева Қуаныш Сағидулловна, кәсіпкер, бизнес-жаттықтырушы Нұрғожина Жанар Серікқызы.
Дөңгелек үстел жағымды жағдайдан басталды: Ш.Уәлиханов атындағы КУ ректоры Сырлыбаев Марат Қадірұлы қонақтар мен қатысушыларды Ұлттық валюта күнімен құттықтап, әлеуметтік серіктестерге Ақмола облысы білім басқармасының, Оқу-ағарту министрінің алғыс хаттарын және «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне – 60 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті. Көпсалалы колледждің бітіруші топтарының оқытушылары мен студенттері жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылауға, мақсаты бір кадрларды даярлау сапасын арттыру болып табылатын кәсіпорындармен тиімді өзара іс-қимылдың жаңа қайнаркөзін іздеуге белсенді қатысты.
«Жұмыс берушілер күні» бағдарламасына сәйкес «Есеп және аудит» мамандығының студенттері үшін СЧтатистика департаментіне экскурсия ұйымдастырылды. Статистикалық ведомство қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, белгілі бір лауазымның құзыретіне қойылатын талаптар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, ұйымның ішкі құрылымы – болашақ түлектердің кәсіби қызығушылығын тудырған мәселелер.  Тиімді өзара серіктестік байланыстар колледж бен «CanAgro» ЖШС ынтымақтастығымен ерекшеленеді: студенттер кәсіпорында өндірістік практикадан өтеді. Бұл ынтымақтастықты «Бүгінгі студент – ертеңгі әріптес!» ретінде қарастыруға болады. Өндірістік цехтар бойынша экскурсия, заманауи техника «Техник-механик» мамандығының білім алушыларын таң қалдырды.
«Жұмыс берушілер күні» «Lesson Study – тиімді сабақ» оқыту семинарының алаңына айналды. Колледж оқытушылары, әлеуметтік серіктестер – №5 МГ, Көкшетау қаласының гуманитарлық-техникалық лицейінің өкілдері және педагогикалық мамандықтар топтарының түлектері сабақты зерттеудің мәнін, оның өзектілігін, процестің кезеңдерін талқылады. Колледж оқытушылары мен педагогикалық практика базаларының мұғалімдері өз қызметін талдау арқылы педагог кадрлардың студенттерін кәсіби даярлаудың шекараларын, ресурстарын кеңейте отырып, осы мәселеде ынтымақтасады. Қызықты әңгіме, пікірталас өтті, ең бастысы практикалық білім алды.
«Жұмыс берушілер күні» ынтымақтастықты тереңдету қажет екендігіне, басты мақсат – білікті мамандарды даярлау үшін өзара ынтымақтастықтың тиімді траекторияларын құру қажет екендігіне тағы да сендірді.