«Инновациялық жобалар витринасы”



«Инновациялық жобалар витринасы”
Инновациялық жобалар витринасы» республикалық байқауында «Абай шығармашылығы- бейнелеу өнерінде» атты жобалық жұмысымен III орынды иеленгені үшін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы Жексенбаева Гүлнарай Қайыргелдіқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. 
 Гүлнарай Қайыргелдіқызын жаңашылдықты жаны сүйетін, өз мамандығының қыр-сырын терең меңгерген дарынды ұстаз деп білеміз. Ол кісі орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сөзді санмен біріктіріп, онлайн тақта, wordwall, kahoot сынды құралдарды пайдалану арқылы студенттерді өзіне тәнті ете білген өнегелі ұстаз.
Табысты әріптестеріміздің өзара тәжірибе алмасуы үшін ашық сайыс алаңын ұйымдастырған «Talap» КЕАҚ ұжымына алғысымызды білдіреміз.