Көшбасшылардың алғашқы бестігінде Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі студенттері де бар

1 желтоқсанда Астанада өткен Қазақстанның жаңа тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» ұлттық Олимпиадасының финалына  Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі студенттері Асылхан Халық және Ульяна Берверт қатысты. Бұл көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларды дамытуға, тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңіндегі оқиғаларды түсінуге және талдауға бағытталған, «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры ұйымдастырған бірінші олимпиада. Қатысушылардың міндеті:» халықтың сенімін және экономикасы мен ықпалын теңестіру», дұрыс шешімдер қабылдау, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, әл-ауқаттың өсуіне ықпал ету, тиімді мемлекет құру. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Ульяна мен Асылхан ойынның бірінші онлайн кезеңінде, 1438 және 1407 ұпай жинап, 1400 қатысушының тізімінде екінші және үшінші орындарды иеленді. 20 жеңімпаз қатарындағы балалар финалдық ойынға офлайн форматта шақырылды. Елордадағы екі күн бірінші курс студенті Ульяна мен «Ақпараттық жүйелер» мамандығының соңғы курс студенті Асылхан үшін құрдастарымен өткізген қызықты кездесулермен пайдалы тренингтерге толы уақыт болды. Колледж студенттері мен педагогтары ұпай саны бойынша жиырма финалист арасында бесінші орын алған Асылханмен III дәрежелі дипломмен марапатталған Ульянаны құттықтайды!  Жеңімпаздардың тәлімгері – тарих пәнінің оқытушысы Амина Бекболатқызы Шәріпованы құттықтаймыз! Әрқашан алда болыңыз!