Назар аударыңыз! Жіберіп алмаңыз!

Назар аударыңыз! Жіберіп алмаңыз!
 
    Американдық бағдарламаның түлегі болғыңыз келе ме? Онда бізге келіңіздер.
 
 Аталған бағдарламаны Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жүзеге асыруда. АҚШ Елшілігінің қолдауымен колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері 15-18 жас аралығында, оқу үлгерімінің жақсы көрсеткіштерімен ағылшын тілін екі жыл бойы тегін оқуға, сондай-ақ Ұйым қызметіне қатыса отырып, өзін тұлға ретінде және көшбасшы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
 
  Access бағдарламасы балаларды АҚШ-қа жібермейді, бірақ Қазақстанның беделді оқу орындарына түсу үшін емтихандарға дайындалуға, түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысуға үлкен мүмкіндік береді, одан арғы мақсаттарды іске асыру үшін мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ американдық бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификат және Alumni (американдық бағдарламаның түлегі) мәртебесін береді. Қабылдау конкурстық негізде өтеді және бағдарлама сіздің одан әрі оған ерікті және белсенді қатысуыңызды көздейді.
 
Өтінішті ismainagul@mail.ru  мекен-жайына жібере аласыз немесе байланыс телефоны 87162255335\ 87055161838.
 
Барлық өтінімдер қатаң түрде құпия болады және тек осы бағдарлама үшін қолданылады. Өтініш беру тегін.
 
Өтініш пен тіркелген құжаттарды 2020 жылғы 20 қараша сағат 18:00-ден кешіктірмей ismainagul@mail.ru мекен-жайына жолдауыңызды сұраймыз.
    
  Назар аударыңыз, өтініш берген кезде сіз 15 жастан кіші емес және 18 жастан үлкен болмауыңыз керек.