Наурыз- береке

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі қабырғасында 2022 жылдың 18 наурызында Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне орай «Наурыз- береке» атты концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Колледж студенттері қазақ халқының атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрін өскелең ұрпаққа насихат етті. Қазақ биі мен халықтық әндерден шашу шашылып, бағдарлама соңында қонақтарға мереке атрибуты ретінде көже, бауырсақ таратылды. Мереке қайырымдылық жәрмеңкесімен әрі қарай жалғасын тауып, жәрмеңкеде колледж студенттері қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарын көпшілікке ұсынды. Жәрмеңкеден соң «бес асық», «тоғыз құмалақ», «арқан тартыс» сынды қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жеңімпаздар марапатталды.