Наурыз сергектікке шақырады

Наурыздың 16-сы күні Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінде Наурыз мейрамы қарсаңында дене тәрбиесі оқытушыларының ұйымдастыруымен үзіліс уақытында қол күрес, кір көтеру, асық және дартс ойын түрлерінен ұлттық ойындар өткізілді. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Наурыз мерекесі құтты болсын! Жеңісті күндер көп болсын!