Педагогика шеберлігінің құпиясы

Педагогика шеберлігінің құпиясы
 Педагогика шеберлігінің құпиясы неде?
Бұл сұраққа филология және педагогика факультетінің «Сұхбат» жаңа жобасы бойынша облыстың АКМ мектебінің оқушылары мен студенттеріне педагогика ғылымдарының кандидаты педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессор м.а. Нәби Лиза Нәбиқызы жауап берді. 2020 жылдың 29 қазанында Филология және Педагогика факультетінің деканы Айнагүл Ерболатқызы Исмагулованың жетекшілігімен «Мұғалім болудың құпиясы» атты тақырыбында жоба ұйымдастырылған болатын. Лиза Нәбиевна: «Мұғалім болу үшін не істеу керек ?», «Ғалым болу үшін не істеу керек?», «Студенттер мен оқушыларға өз өмірін қалай ұйымдастыру қажет?» деген сұрақтарға жауап берді. Жобаның басты мақсаты – педагогикалық білімді кеңінен насихаттау. Сұхбат өте қызықты және мазмұнға тола болды. Қонағымыз Лиза Нәбиқызының мұғалім болудағы қызыққа толы білім жолына көптеген тыңдаушылар қызығып, таңырқады. Сонымен қоса шет елдерде педагогика қызметінің деңгейі қандай екенін атап өтті. Мектеп оқушылары мен студенттер өте қызықты әрі күтпеген тосыннан сұрақтар қойды. Бұл іс-шара мұғалім мамандығына деген үлкен қызығушылық тудырары сөзсіз.