Сібір заң университеті конференциясына қатысу туралы


     Ш.Уәлиханов университеті жанындағы көпсалалы колледж қабырғасында «Зерек» білім алушылардың ғылыми қоғамы аясында   ғылыми – зерттеу ізденістері, жобалар әзірлеу, мамандық бойынша олимпиадалар  сынды мақсатты жұмыстар жүргізіледі.
2020 жылдың қараша айында «Құқықтану» мамандығының бірінші және екінші курс студенттері Сібір заң университетінің (Омбы қаласы) шақыруымен Заңгер күніне арналған аймақтық оқу – зерттеу конференциясына қатысты. Конференция Сібір заң университетімен студенттердің құқықтарын насихаттау, ғылыми және зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі. Болашақ заңгерлердің оқу-зерттеу форумының жеті секциясы құқықтың түрлі салаларын қамтыды. Оқу орнымыздың студенттері: Р.Мейрманова, Ю.Сушкевич, К.Евдокимова, А.Вагнерлердің жұмыстары байқаудың қазылар алқасының шешімімен тақырыптың өзектілігі мен мазмұндылығы жағынан ерекше  марапатқа ие болды. «Азаматтық құқық және азаматтық үрдіс» секциясында Алина Вагнердің «Шетелдік элемент арқылы асырап алу» атты жұмысы ерекше бағаланды. Алинаның ғылыми жұмысы «Зерттеудің тәуелсіздігі мен тереңдігі үшін» номинациясы дипломымен марапатталды
         Конференцияның лейтмотиві «Табысқа әрдайым қол жеткізуге болады» ұранымен ұйымдастырылған. Әрине, табысқа қол жеткізу әр адамның қолында… Оқу орнымыздың студенттерінің халықаралық конференцияға қатысып, өз білімдерін жан-жақты көрсетуілерінің бірден-бір себебі-  заң пәндерінің оқытушылары Айнаш Байзулловна Ержанова мен Самал Ибраевна Ильясованың еңбегі. Әріптестеріміз  студенттердің оқу – зерттеу қызметін ұйымдастырғаны және жастардың әлеуметтік белсенділігіне, заңдар мен құқықтық тәртіпті құрметтеуге бағытталған іс-шараларды өткізгені үшін Сібір заң университетінің ректоры, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері Ю.Соловейдің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Көпсалалы колледждің Омбы қаласындағы Сібір заң университетімен ынтымақтастығы жалғаса бермек.  Осы күндері зерттеу конференциясына қатысу үшін жоғары курс студенттері дайындық жұмыстарын жүргізуде.