Халықаралық конгресс

Ағымдағы жылдың 18-21 желтоқсан аралығында Түркия еліндегі Анталия қаласында ғылыми-инновациялық зерттеулер бойынша халықаралық конгресс өтті. Аталған конгрессті ұйымдастырушылар – Экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институтының мамандары. Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Марокко, Македония, Эфиопия т.б. елдерден қатысқан өкілдермен қатар аталған конгресске Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-шебер, филология ғылымдарының магистрі Бейсембина Айнагүл Елемесқызы қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.