Шоқан жұлдыздары

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жыл қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Шоқан жұлдыздары» фестивалінде көпсалалы колледждің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері Дүйсенбекова Әсем Алматқызы және Жеңісова Меруерт Бейбітқызы ректордың атынан Алғыс хатпен және арнайы «Шоқан жұлдызы» медалімен марапатталды.
Дүйсенбекова Әсем оқу және ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктері бойынша марапатқа ие болса, Жеңісова Меруерт шығармашылық жұмыстардағы белсенділігі үшін марапатталды.
Әсем Алматқызы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының колледж және университет студенттері арасында әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша өткізген «Мен – қазақстандықпын» атты республикалық эссе сайысының, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжінде өткен «Тілім менің – тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысының,  Ақмола облысы Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттерінің арасында өткізілген «Ғылым әлемін аша отыра…» атты ғылыми-зерттеу жобаларының ІІ облыстық байқауының жүлдегері. Оқу-зерттеу мақалалары республикалық басылымдарда ұдайы жарыққа шығып отырады.
Ал, Меруерт Бейбітқызы республикалық «Поэтикалық сөз» атты мәнерлеп оқу байқауының, Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Халықтан шыққан дана ақын» атты республикалық әдеби оқу онлайн байқауының, «Абай тағылымы» халықаралық онлайн мәнерлеп оқу байқауының, «Ұлттарды біріктірген ұлы тіл» атты онкүндік аясында өткен «Поэзиялық баттл» мәнерлеп оқу сайысының, жастар арасындағы бірлік пен қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамытуға бағытталған «Мен – қазақстандықпын» атты әлеуметтік роликтер байқауының жеңімпазы.
Болашақ тіл жанашырларын марапаттарымен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.