Қазақстан халқы тілдер күні

13-22 қыркүйек аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінде тілдер онкүндігі өткізілді, онкүндік аясында «Тіл – мансапқа апарар жол» бейнероликтер байқауы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – тілдерді үйренуді насихаттау, елді мекендеген халықтардың мәдениетімен таныстыру. Байқауға барлығы 6 жұмыс қатысты, олардың ішінен ең үздік және мазмұнды роликтер таңдалды.
Байқау қорытындысы бойынша РО-41 тобы 1 орынды иеленсе, ҚБ-41 тобы 2 орынды, ҚБ-21 тобы 3 орынға ие болды.
Байқаудың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!