Қаржы (салалар бойынша)

Мамандық: 1516000 – Қаржы (салалар бойынша)

0516000 «Қаржы (салалар бойынша)» мамандығы ең беделді мамандықтардың қатарына кіреді. Бұл қызмет саласының мамандары жоғары біліктілік жағдайында өте жоғары бағаланады, өйткені кез келген коммерциялық ұйымның немесе кәсіпорынның мақсаты – капиталды көбейту.

Осы мамандықта оқып, түлектер қаржы, оның ішінде мемлекеттік, қаржылық менеджмент, банк және сақтандыру ісі, ақша айналымы, қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салу саласында базалық білім кешенін алады.

Қаржыгер – болашақтың мамандығы. Бұл саладағы маман кез келген компанияда маңызды функцияларды орындайды: ол қаржылық стратегияға, кірістер мен шығыстарға, сондай-ақ фирманың ақша операциялары бойынша есептілікке жауап береді. Қаржыгер – ақша ағынымен байланысты маман. Сондықтан, ол кәсіпорында оның басынан өтетін барлық қаржылық операциялардың есебін сауатты жүргізу үшін бухгалтерлік істе білімі болуы тиіс. Қаржыгердің тағы бір қызметтік міндеті нарықты, оның үрдістерін, бәсекелестердің стратегияларын үнемі зерттеу, сондай-ақ табыстарды қолдау және ұлғайту мақсатында өз компаниясындағы шаруашылық-қаржылық жағдайды талдау болып табылады.

Біліктілік:

151601 2 «Сақтандыру агенті»

151803 3 «Қаржы жұмысы бойынша экономист»

Оқыту мерзімі

2 жыл 10 ай 9-сыныптан кейін

1 жыл 10 ай 11-сыныптан кейін

Оқуға түсуге арналған пәндер

Орыс тілі

Математика

Қазақстан тарихы (11-сынып негізінде)

Оқытудың толық циклі

Колледж – бакалавриат – магистратура

Оқытылатын пәндер

  • Қаржы және несие
  • Бухгалтерлік есеп негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Статистика
  • Экономистерге арналған математика
  • Экономикалық информатика және АТ
  • Қаржылық есеп
  • Салық және салық салу
  • Экономикалық теория негіздері
  • Ұйым экономикасы
  • Аудит
  • Экономикалық талдау және қаржылық есеп талдауы

Өзекті және элективті курстар:

  • Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

Оқытудың толық циклі

  • Колледж – бакалавриат – магистратура

Мамандықтың ерекшеліктері

  • қазіргі заманғы мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларға оқыту (1С: Бухгалтерия);
  • электрондық кестелерде жұмыс істеу (Экономикалық информатика);
  • ұйымның шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу;
  • есепке алу-қаржылық, бақылау-тексеру қызметін оқыту;
  • ұйымның шаруашылық қызметін талдауды және қаржылық есебін талдауды жүзеге асыру;
  • Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту.

Біздің серіктестер:

  • «Көкшетау Сүт-май зауыты» ЖШС
  • Ақмола облысы, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
  • Ақмола облысы, Көкшетау қаласының статистика департаменті
  • Банк секторы

Мансаптық перспективалар

Қазіргі әлемде «қаржыгер» мамандығы – бұл маман алдында үлкен мүмкіндіктер ашатын болашақ өмір жолы. Сіздің түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарда жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз бар.

– қаржы мекемелері (коммерциялық және инвестициялық банктер, инвестициялық компаниялар, сақтандыру компаниялары),

– қаржы органдары және қаржы бөлімдері (статистика, қазынашылық, қаржылық бақылау комитеті, Мемлекеттік кірістер департаменті және т.б.)

– маркетинг, логист, менеджер, бухгалтер, экономист, аудитор және т.б. сияқты аралас мамандықтар.

Ал егер Сіз үнемі біліміңізді жетілдірсеңіз, онда сіз:

  • жоғары еңбекақы
  • тамаша мансап орнату үшін перспективалар
  • қызықты, беделді жұмысқа ие бола аласыз.

Мамандық түлектері банктердің, салық комитеттерінің, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және басқа да қаржы құрылымдарының басшылары мен мамандары, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қаржылық директорлары мен талдаушылары ретінде жұмыс атқарады.

Оқыту түрі

Күндізгі

Қашықтықтан оқыту