Үздік волонтер 2020

Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж оқытушысы Кусаинова Айжан Қорғанқызы тағы бір марапатқа ие болды. «Көкшетау қаласы Ішкі саясат бөлімінің «Көкшетау қаласында экскурсиялық қызметке және гид дайындауға бағытталған еріктілер қозғалысын ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырмасын іске асыру аясында өткізілген «Үздік ерікті-2020» қалалық байқауында 2 орын иеленді. Айжан Қорғанқызын құттықтаймыз, патриоттық рухы және өз жұмысына деген адалдығы қашанда болмасын үлгі көрсетіп, шабыттандырады! Болашақта жаңа марапаттары мен жетістіктері туралы бірнеше рет естиміз деп үміттенеміз!