Үздік педагог 2022

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті жанындағы көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің маманы, филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, педагог-шебер Бейсембина Айнагүл Елемесқызын Үздік педагог атануымен құттықтаймыз. Әріптесіміздің жүзден жүйрік атанып, республикаға танымал болуы көңілге қуаныш пен мақтаныш ұялатады.Шәкірттерінің жүрегінен берік орын алған ұлағатты ұстаз, білікті басшы Айнагүл Елемесқызы өзінің еңбек жолында талай белестерді бағындырып келе жатқаны баршамызға аян. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері атанған, бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланған ғылыми мақалалары мен үздік әдістемелік жинақтардың авторы Айнагүл Елемесқызына студенттер мен әріптестер атынан еңбекте жеміс, толағай табыс пен шығармашылық жеңістер тілейміз. Бойыңыздағы парасаттылық пен кәсіби жетістіктеріңіз баршаға үлгі болсын.
Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі.