Әкімшілік және қылмыстық жауакершілікке қол сұғушылық профилактикалық әнгімесі






2020 жылдың 24 қыркүйегінде Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің жанындағы ZOOM платформасында 1 курс студенттерінің полиция учаскелік инспекторы, полиция капитаны Ардақ Хайройұлымен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің басты тақырыбы – студенттер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамбылов Қ.Т.қатысты.
Кездесу барысында учаскелік полиция қызметкері Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік және қылмыстық заңнамасы туралы түсініктеме берді. Әңгіме кәмелетке толмаған колледж студенттеріне арналды және Ардақ Хайройұлы қоғамдық орындар мен жатақханаларда алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға байланысты мәселелерге тоқталып, бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты
Кездесу диалог түрінде өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған ақпараттарды алды.