Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн форматта «Абай оқулары»
Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Осы ретте білім ордамызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн форматта «Абай оқулары» өтті. Байқаудың шарты: ақынның бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқу керек болатын. Барлығы 12 студент қатысты. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылып, ішкі комиссия құрамынан сұрыпталып өткен бейнероликтер әлеуметтік желіге салынды. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мына критерийлерді басшылыққа алды: 1. Поэзиялық туындыны таңдау және оқу шеберлігі. 2. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтау. 3. Өлеңді орындау мәдениеті,…