Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Мамандық: 1510000 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Қазақстан – агроиндустриялық ел және ауыл шаруашылығы халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру саласы болып табылады. Ол Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі әрдайым қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығының айқындаушы факторы болып табылады және одан әрі жалғасуда. Механикаландырылған ауыл шаруашылығы – бұл ауыл шаруашылығы жұмысын механикаландыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану процесі. Бұл салада мамандар даярлау біздің экономикамыз үшін өте маңызды.

Техник мамандар бүгінгі таңда сұранысқа ие. Бұл біліктілігі бар түлектерді диплом алғанша жұмыс өзі-ақ тауып алады. Бұл – әмбебап мамандар. Техник-механик трактор бригадасының механигі, бригадирі, автогараж меңгерушісі, шеберхана меңгерушісі, басқа да техникалық лауазымдарды атқаруға құқылы.

Ол ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарымен айналысады. Күнделікті жұмыс тапсырмаларын береді, оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді (отын, қосалқы бөлшектер және т.б.) егіс немесе жинау кезеңінде жұмыстарды жоспарлауға қатысады. Механизаторларды желіге шығару кезінде медициналық бақылаушымен өзара бірлесе отырып жұмыс атқарады. Жұмыстарды орындау кестесін жоспарлайды, бақылауды жүзеге асырады.

Біліктілік:

151001 2 «Слесарь-жөндеуші»

151002 2 «Мал шаруашылығы кешендерінің және механикаландырылған фермалардың операторы»

151004 3 «Техника-механик»

Оқыту мерзімі

3 жыл 10 ай 9-сыныптан кейін

2 жыл 10 ай 11-сыныптан кейін

Оқуға түсуге арналған пәндер

Орыс тілі (қазақ тілі)

Математика

Қазақстан тарихы (11-сынып негізінде)

Оқытудың толық циклі

Колледж – бакалавриат – магистратура

Оқытылатын пәндер

  • Тракторлар және автомобильдер
  • Слесарлық іс
  • Мал шаруашылығы негіздері
  • Механикаландырылған жұмыстар технологиясы
  • Ауыл шаруашылығы машиналары, мал шаруашылығына арналған жабдықтар
  • Жол қозғалысы ережелері
  • Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу
  • Еңбекті қорғау

Өзекті және элективті курстар

  • Тракторлар және автомобильдер

Мамандықтың ерекшеліктері

Төмендегі мәселелерге басты назар аударылады:

  • Қозғалтқыштарды бөлшектеу және құрастыру;
  • Механикалық, гидравликалық, пневматикалық, сондай-ақ тренажерлік станоктарда жеке технологиялар бойынша оқыту;
  • Газ және электрмен дәнекерлеуді оқыту;
  • Слесарлық іс дағдыларына үйрету;
  • Тракторлар мен автомобильдерді жөндеу технологияларын оқыту;
  • Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және реттеу тәсілдерін үйрету.
  •  

Біздің серіктестер:

  • «EURASIA GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС филиалы;
  • CanAgro ЖШС
  • Көкшетау Сүт-май зауыты ЖШС

Мансаптық перспективалар

— шаруашылық есептегі және жалгерлік ұжымдардағы механикаландыру және автоматтандыру саласындағы маман-жетекші;

— технологиялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша технологиялық операцияларды орындаушы маман;

— өндірістік процестерді автоматтандыру құралдарын жөндеу бойынша маман;

— техник-механик;

— инженер;

— автомобиль шаруашылығының меңгерушісі;

— қазіргі заманғы технологиялық жабдықтарды баптаушы.

— машина-трактор паркінде техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және пайдалану жөніндегі маман. МТС, фермерлік шаруашылықтарда, АҚ, агросервистік ұйымдарда механиктің қызметін атқарады.

Оқыту түрі

Күндізгі

Қашықтықтан оқыту