Меморандум подписан

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж қабырғасында көршілес Ресей Федерациясының Челябі өңірінде тұратын қандас бауырларымызбен рухани байланыс орнату мақсатында Челябі қаласындағы облыстық  «Азамат» қазақ  қоғамдық орталығының төрағасы Сейтиков Қанат Хәкімұлымен кездесу ұйымдастырылды. Қанат Хәкімұлы басқарып отырған қазақ тілі орталығы  қазақтың тілін, салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында бүгінде қаншама игі бастамалар жасап, нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Колледж директоры Уаисов Рысбай Базарбайұлы мен Сейтиков Қанат Хәкімұлымен екі тарапты ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Оқу орнымыз бен «Азамат» қоғамдық орталығының мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатындағы игі істері нәтижелі болғай!