28 сәуір күні Ш.Уәлиханов университеті жанындағы көпсалалы колледжінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған шара өтті. Іс-шараға колледж оқытушылары, студенттер және Ардагерлер кеңесінің төрайымы мен мүшелері қатысты. Колледж директоры Уаисов Рыспай Базарбайұлы мейраммен құттықтап, игі тілегін білдірді. Мереке барысында ән айтылды, күй тартылып, би биленді. Халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!