КОЛЛЕДЖДЕГІ МАЗМҰНДЫ СЕМИНАР!

23 қазанда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді оқыту стратегияларын таныстыру және оқытушылар мен студенттер арасында бүгінгі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған «Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында студенттер оқытудың тиімді стратегияларымен танысып, қызықты пікірталастар мен шығармашылық идеялармен тәжірибе алмасты.
ПШО тренері Гүлмира Шойғарақызы өткізген «Креативті ойлау функционалдық сауаттылықтың өзекті компоненті» тренингі аясында студенттер шығармашылықты дамыту әдістерін белсенді талқылап, алдағы тәжірибеде қысқамерзімді сабақ жоспарын құруға қажетті ақпараттар бойынша ой бөлісті.
НЗМ орыс тілі пәнінің мұғалімі Зарина Қайратқызы цифрлық мәтіндермен жұмыс істеу дағдылары мен оқу сауаттылығы туралы сөз қозғады. Аяулым Болатқызы «Цифрлық құралдарды сабақта тиімді пайдалану» – заманауи білім берудегі функционалдық сауаттылықтың маңызды бөлігі екендігін толық ашты.
«Ал, біз осылай жасаймыз» тренингін өткізген 4 курс студенттері Қаман Жәмила, Оралбек Жазира қатысушы студенттерге тақырып аясында түрлі практикалық тапсырмалар ұсынып, функционалдық сауаттылық нысандарын қалай дұрыс ажыратудың, сабақ барысында сапалы тапсырмалар жасаудың жолдарын көрсетті.
Спикерлер мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Семинар ұйымдастырушылары: Махметов Айбек Топашевич, Мусина Айгуль Даулетжановна