Ағымдағы жылдың 5 мамырында колледжімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалды. Жиын барысында азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы, отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді, қайратты, мақсатты деген жылы лебіздерімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жусупбекова Гульнар Кабаевна сөз алып, құттықтады.
Отан қорғаушылар мерекесіне арналған жиынында ардақтыларымызға арналған өлең шумақтары арналып, сыйлықтар табыс етіліп, құттықтау слайдтары мен бейнеклип көрсетілді