Мамандық: 0111000 – Негізгі орта білім беру
Педагогикалық мамандық – қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, себебі еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі.
Педагогикалық мамандық – педагогикалық үдерісте тəрбиеленуші тұлғасын тəрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға жəне өзін еркін жəне шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кəсіби қызмет. Педагогикалық мамандықтың негізгі ерекшелігі – мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен сəйкестігі; педагогикалық қызметті сəтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кəсіби санасының деңгейімен байланысты.
Мұғалім дегеніміз – тəрбиеші, тəлімгер. Оның азаматтық, адами маңызы да осы.
Құрметті жас талапкер! «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы – сенің таңдауың! Біздің оқу орнында қазақ тілі және әдебиет саласы бойынша жан-жақты тыңғылықты маман болуға, өз елінің тілін, әдебиетін, ата-бабадан қалған ана тілдің бұзылмаған қаймағын, салт-сана дәстүрін қастерлеп, бүгінгі заманға сай бәсекеге қабілетті, мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар болып шығуыңызға толық мүмкіндік бар.
Біліктілік
0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Оқыту мерзімі
3 жыл 10 ай 9-сыныптан кейін (күндізгі)
2 жыл 10 ай 11-сыныптан кейін (күндізгі)
Оқуға түсуге арналған пәндер
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Оқытылатын пәндер
- Тіл біліміне кіріспе
- Қазіргі қазақ тілі
- Қазақ тілінің практикумы
- Қазақ тілінің теориясы мен тарихы
- Қазақ тілін оқыту әдістемесі
- Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу
- Әдебиеттануға кіріспе
- Халық ауыз әдебиеті
- Ежелгі дәуір әдебиеті
- Қазақ әдебиетінің тарихы
- Әдебиетті оқыту әдістемесі
- Қазіргі заман әдебиеті
- Шетел әдебиеті
- Тіл мәдениеті, стилистика
Өзекті және элективті курстар
- Жаңартылған білім мазмұны: критериалды бағалау технологиясы
- Инклюзивті білім беру негіздері
- Кәсіпкерлік негіздері
Оқытудың толық циклі
Колледж – бакалавриат – магистратура – PhD докторантура
Мамандықтың ерекшеліктері
Төмендегі мәселелерге басты назар аударылады:
- теориялық материалдарды практикамен ұштастыруға дағдыланады;
- озық әдістемелермен танысады;
- оқытудың инновациялық технологияларымен танысады;
- сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орындау және тиімді пайдалануды меңгереді;
- педагогикалық практика кезінде студенттер өздігінен белгілі практикалық сабақты меңгеруге үйренеді;
- ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарымен шұғылданады.
Біздің серіктестер:
- «Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқытылатын қазақ мектеп гимназиясы» ММ;
- «Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицей» ММ;
- «Көкшетау қаласы №16 орта мектеп» ММ;
- «Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназия» ММ;
- С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі.
Білім алушылар педагогикалық іс-тәжірибеден өтеді.
Мансаптық перспективалар
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер түрлі білім мекемелерінде педагог, тіл маманы, аудармашы, іс жүргізуші ретінде табысты жұмыс істейді.
Түлектер сондай-ақ ұқсас мамандық бойынша қысқартылған оқу түрі бойынша жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Оқыту түрі
Күндізгі