
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Шоқан Уәлиханов көпсалалы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
бойынша білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – қазіргі білім беру парадигмасына сай, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алатын, кәсіби құзыреттілігі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қазақ тілін оқыту мен әдебиетті талдаудың заманауи әдістерін меңгерген, білім алушылардың тілдік және әдеби-мәдени сауатын дамытуға бағытталған педагог-мамандарды даярлау.
Миссиясы
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға, ұлттық әдебиет пен мәдени мұраны насихаттауға, жас ұрпаққа тіл мен әдебиет арқылы рухани тәрбие беруге бағытталған сапалы білім беру.
Сонымен қатар заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, студенттердің зерттеушілік, талдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже
Бағдарламаны аяқтаған түлектер:
— қазақ тілінің грамматикасын, стилистикасын, әдеби тіл нормаларын жетік меңгереді;
— көркем шығармаларды талдау, интерпретациялау және әдеби сын тұрғысынан бағалау дағдыларын қалыптастырады;
— педагогикалық және тілдік коммуникацияда заманауи әдістерді тиімді қолдана алады;
— қоғамда қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге және ұлттық мәдениетті дамытуға үлес қосады.









Біздің элективті курстар
«Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға.»
Абай Құнанбайұлы

Нурбаева Макпал Рахметуллиновна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәжірибелі педагог-сарапшы

Абдуллаева Эльмира Жумадуллақызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кабдешова Тойжан Нуржановна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор.

Искендерова Когаршин Жолдубаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.

Атығай Шұғыла Сапарғалиқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі





