«4S01140601 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ »

«4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы (01140600 – Негізгі орта білім беруде тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі)

Мамандықтың мәні және мақсаты;
Педагогикалық мамандық – бұл болашақ мамандарға өзге мамандықтарға жол ашатын, тұлға тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған кәсіби қызмет. «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді және ана тілінің қаймағын сақтай отырып, оны келесі ұрпаққа жеткізетін, бәсекеге қабілетті білікті маман дайындауға бағытталған маңызды таңдау.
Мұғалім – тек оқытушы емес, ол тәрбиеші және тәлімгер.

Құрметті жас талапкер! Сіздің таңдауыңыз – педагогикалық мамандық! Бұл мамандық тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жас тұлғаны тәрбиелеуге, оның дамуына және шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасайтын ең маңызды әрі қажетті кәсіп. Мұғалім – тәрбиеші және тәлімгер, оның адами және азаматтық маңызы өте зор.

Біздің мақсатымыз: Тілдің қаймағын сақтау

Біздің оқу орнында сіз қазақ тілі мен әдебиеті саласы бойынша жан-жақты, тыңғылықты маман болып шығуға толық мүмкіндік аласыз. Сіз ата-бабадан қалған ана тілдің бұзылмаған қаймағын, салт-сана дәстүрін қастерлеп, бүгінгі заманға сай бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасасыз.

СипаттамаТолық мәлімет
Мамандық коды01140600 – Негізгі орта білім беруде тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Алынатын біліктілік4S01140601 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Оқыту түріКүндізгі
Түсу үшін негізгі пәндерЭссе, Сұхбат
Оқу мерзімі9-сыныптан кейін: 3 жыл 10 ай / 11-сыныптан кейін: 2 жыл 10 ай

? Оқытылатын негізгі пәндер тізімі

Оқу бағдарламасы сізге тіл мен әдебиеттің терең теориясы мен оны оқытудың тиімді әдістемесін үйретеді:

  • Тіл білімі: Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілі, Тілдің теориясы мен тарихы, Тіл мәдениеті, стилистика.
  • Әдебиеттану: Әдебиеттануға кіріспе, Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір әдебиеті, Қазақ және Шетел әдебиетінің тарихы.
  • Педагогикалық дағдылар: Қазақ тілі мен Әдебиетті оқыту әдістемесі, Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу.
  • Заманауи курстар: Критериалды бағалау технологиясы, Инклюзивті білім беру негіздері, Кәсіпкерлік негіздері.

? Мамандықтың басты ерекшеліктері

Біздің оқу үдерісімізде келесі мәселелерге басты назар аударылады:

  1. Практикалық дағды: Теориялық материалдарды озық әдістемелер және инновациялық технологиялар арқылы практикамен ұштастыру.
  2. Көрнекілікпен жұмыс: Сабаққа қажетті көрнекіліктерді дайындау, пайдалану және орындауды меңгеру.
  3. Іс-тәжірибе: Педагогикалық практика кезінде студенттердің өздігінен сабақ беру дағдыларын қалыптастыру.
  4. Ғылыми жұмыс: Студенттерді ғылыми-зерттеу және ізденіс жұмыстарымен шұғылдануға баулу.

? Біздің серіктестеріміз (Іс-тәжірибе базалары)

Білім алушылар педагогикалық іс-тәжірибеден Көкшетау қаласының жетекші білім беру мекемелерінде өтеді:

  • Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «№1 мектеп-гимназиясы» КММ
  • «Көкшетау қаласы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ
  • «Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілді мектеп-гимназиясы» КММ
  • «Көкшетау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
  • «Көкшетау қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
  • «Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейі» КММ
  • «Көкшетау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
  • «Көкшетау қаласының №9 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
  • «Көкшетау қаласының №16 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
  • «Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясы» КММ
  • «С. Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ
  • «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ
  • Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

? Мансаптық және білім алу перспективалары

Оқуды аяқтағаннан кейін сіз:

  • Түрлі білім мекемелерінде педагог, тіл маманы ретінде жұмыс істей аласыз.
  • Басқа салаларда аудармашы, іс жүргізуші ретінде табысты қызмет ете аласыз.
  • Жоғары оқу орындарында ұқсас мамандық бойынша қысқартылған оқу түрімен (бакалавриат) оқуды жалғастыруға толық мүмкіндігіңіз бар.
  • Біз ұсынатын Колледж – бакалавриат – магистратура – PhD докторантура толық циклі бойынша біліміңізді үздіксіз арттыра аласыз.