Ш.Уалиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінде жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі мереке-Білім күні өтті. Оқуға қабылданған І курс студенттерімен «Білім күні» салтанатты аталып өтілді. Салтанатты мәжілісті колледж директоры У.Р. Базарбайұлы ашып, І курс студенттерін оқуға қабылдануларымен құттықтап, колледжде оқудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті. «Оқуда озат, колледждің тек жақсы атын шығарыңдар» – деп тілек қосты.
Колледждің бірінші курс студенттеріне ерекше құттықтаулар айтылды. Бүгін олар болашақ мамандықты таңдауда маңызды өмірлік қадам жасады. Болашақта оларды қажырлы еңбек жылдары, оның нәтижелері күтуде.
Студенттік өмір-бұл тек таңдаған мамандығы бойынша кәсіби білім мен дағдыларды алу ғана емес, сонымен қатар әр студент колледждің, облыстың және республиканың қоғамдық-пайдалы өмірінде өз қабілеттерін көрсете алатын жарқын, қызықты, оқиғаларға толы кезең. Колледжде студенттердің көшбасшылық қасиеттері мен жас мамандардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыратын студенттік өзін-өзі басқарудың өміршең жүйесі қалыптасады.
Барлық оқытушыларды, қызметкерлерді, студенттерді, ата-аналарды және жаңа оқу жылын бастағандардың барлығын Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық пен жақсылық тілейміз! Барлық ойлар мен жоспарларыңыз іске ассын, жаңа оқу жылы жемісті және табысты болсын!