Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық,- демекші Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж қабырғасында қоғамдық іс – шараларға белсенді араласып жүрген студенттеріміздің бірі- «Информатика» мамандығының 4-курс студенті Мұқан Саят Амангелдіұлы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатында жұмыс жасап, партияның сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруда қосқан үлесі үшін бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын иеленіп отыр. Болашақта ел сенімін ақтар ұлт жанашыры болуына тілектестік білдіреміз!